Экология министрлігінің басшылығы иттер мен мысықтардың панажайларына барды

Экология министрлігінің басшылығы иттер мен мысықтардың панажайларына барды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Нұр-сұлтан қаласындағы иттер мен мысықтарға арналған бірнеше панажайға барды. Сапар барысында ол олардың жұмысымен танысып, проблемалық мәселелерді талқылады.

Бұл іс-шара қазіргі уақытта өтіп жатқан "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын қарау аясында ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасын Экология министрлігі зоотехниктер мен қоғамдық ұйымдармен бірлесіп Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірледі. Онда жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға арналған нормалар бар.

Заң жобасын талқылау кезінде азаматтық сектор мен мүдделі мемлекеттік органдардың пікіріне ерекше назар аударылғанын атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта ҚР Президенті Әкімшілігі, Құқық қорғау және басқа да органдар бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізгеннен кейін заң жобасы Үкіметтің қарауына жіберілді.