Қазақстан мен Ресей трансшекаралық Жайық өзенінің проблемалық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық Жайық өзенінің проблемалық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресейдің 16-шы парламентаралық комиссиясының отырысы барысында трансшекаралық өзендер, атап айтқанда Жайық өзені мәселелері талқыланды. Парламентаралық комиссиясы жұмысының барысында Қазақстанның экология министрі М.Мырзағалиев баяндама жасады.

«Климаттың өзгеруінің салдарын біз бүгіннің өзінде сезінудеміз. Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы соңғы 100 жылда 1,37 С-ға өсті, бұл ретте орташа жылдық температураның көтерілу жылдамдығының тұрақты өсуі байқалады. Мұның бәрі су ресурстары проблемасына алып келеді, өйткені көптеген трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстан ағыс бойынша төмен орналасқан. Сонымен қатар, сулылықтың азаюы жайылмалардың экологиялық жай-күйінің нашарлауына және өзендер экожүйелерінің тозу қаупіне алып келеді. Осыған байланысты біздің елдеріміздің трансшекаралық өзендер мәселелерін шешу жөніндегі өзара іс-қимылы өңірдің болашақ экологиялық өркендеуін қамтамасыз ету үшін негіз болып табылады», - деп атап өтті Министр.

Қазақстан мен Ресей арасындағы су қатынастары екі ел үкіметтері арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы және трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісімдер негізінде реттеледі.

Осы келісімдерге сәйкес трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау және трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясы құрылып, жұмыс істеуде.

Ресей Федерациясымен ынтымақтастықтың неғұрлым өзекті мәселелері салдарынан Жайық өзені сулылығының азаюы, өзен жайылмасы мен атырауының экологиялық жай-күйінің нашарлауы және Қараөзен мен Сарыөзен өзендерінің бассейндері бойынша су шаруашылығы балансының болмауы болып табылады.

Орал өзені бойынша РФ-мен ынтымақтастық екі бағытта жүзеге асырылады:

Біріншіден, ірі өзендердің бассейндерінде зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың бірыңғай жол картасы шеңберінде.

Қазіргі уақытта Тараптардың сарапшылары бірыңғай Жол картасының іс-шараларын іске асыруға кірісті.

Алынған зерттеулер нәтижелерінің негізінде Жайық өзенінің гидрологиялық режимін және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бірлескен шаралар қабылданатын болады.

Екіншіден, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы қарашадағы Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысы бойынша берген тапсырмасы шеңберінде Омбы қаласында Ресей тарапымен бірлесіп Орал өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарлама әзірленді.

Осы бағдарламаларды іске асыру үшін бағдарламаларда көрсетілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша техникалық тапсырмалар әзірленді.

«Тазарту және су өткізу құрылыстарын қайта жаңарту және салу, өзен бассейнінің экожүйесіне теріс әсер ететін объектілерді жою, орманды қалпына келтіру, биоалуантүрлілікті сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде ихтиофауна және т. б. жөніндегі іс-шараларды жүргізу жоспарлануда.

Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша 2025 жылға қарай ластанған ағынды сулардың, атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының көлемін қысқарту, тарихи ластанудың неғұрлым қауіпті объектілерін жою, су айдындарын, орман жамылғысын, өзен бассейні мен жайылмасындағы биоалуантүрлілікті қалпына келтіру күтілуде», - деп сөзін қорытындылады М.Мырзағалиев.