ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Қырғызстанның бірнеше министрліктерінің басшылығымен кездесті

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Қырғызстанның бірнеше министрліктерінің басшылығымен кездесті

2021 жылғы 28 мамырда Бішкек қаласында (Қырғызстан) ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Қырғызстанның бірнеше министрліктерінің басшылығымен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

ҚР Энергетика министрлігінің басшылығымен өткен келіссөздер барысында тараптар тауар алмасу бойынша алынған электр энергиясын және судың баламалы көлемін қырғыз тарапының Қазақстанға қайтару мерзімдері мен көлемін келісті.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Қазақстан мемлекет басшылары деңгейіндегі уағдаластыққа сәйкес осы жылы Қырғызстанға 900 млн.кВт/сағ электр энергиясын жеткізеді. Бұл ретте Қырғызстан таяудағы үш жылдың жаз айлары ішінде осы көлемнен 300 млн.кВт/сағ электр энергиясын қайтаруға және Тоқтоғұл су қоймасынан 330 млн. текше м-ден, яғни жыл сайынмаусым-тамыз аралығында (2023 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда) қосымша су жіберуді жүзеге асыруы тиіс.

Кестеге сәйкес қайтару жұмыстары 2021 жылдың 1 маусымынан басталады.

Тараптар осы жылдың маусым айында Қырғыз тарапы Қазақстанға 70 млн.кВт/сағ электр энергиясын қайтаратынын және Тоқтоғұл су қоймасынан 77 млн. текше метр көлемде қосымша су жіберуді жүзеге асыратынын келісті. Тиісті хаттаманы Қазақстан тарапынан ,,KEGOC" АҚ және ,,Самұрық-Энерго" АҚ келісті.

Сонымен қатар, бүгін Экология вице-министрі Серік Қожаниязов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Б. Тілеубердінің ресми сапары аясында Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты. Кездесуде кең ауқымды мәселелер, оның ішінде 2021 жылғы вегетациялық кезеңде Қазақстан аграрларын суармалы сумен қамтамасыз ету жайы талқыланды.

Сондай-ақ, Серік Қожаниязов Қырғызстан Республикасының Ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрімен Шу өзенінің бассейні бойынша су өткізу кестесі туралы келіссөздер жүргізді.

 Қазіргі уақытта Георгиевка магистралды каналы арқылы су секундына 9,8 текше метрден 11 текше/сек дейінгі көлемде келеді. Кездесуде қырғыз тарапы енді Георгиевка магистралды каналы арқылы тұрақты 12 текше/сек су өткізетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Шу өзені бойынша су жағдайы жақсарған жағдайда көлемі ұлғайтылады.