"Kazakhmys Smelting" ЖШС ЖМЗ қатысты жоспардан тыс тексеру

"Kazakhmys Smelting" ЖШС ЖМЗ қатысты жоспардан тыс тексеру

Бүгін  сағат 08:43-те "Kazakhmys Smelting" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытында балқыту цехының электр пеші учаскесінің рудотермиялық пеш трансформаторы (РПТ-1) жанып кетті.

Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің хабарлауынша, өрт ошағын оқшаулау сағат 10:26-да жүргізілген. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Қазіргі уақытта, аталған факті бойынша Экология департаменті "Kazakhmys Smelting" ЖШС ЖМЗ қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.