Экология министрлігінің қызметкерлері Риддердегі орман өрттерінен зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақысын аударады

Экология министрлігінің қызметкерлері Риддердегі орман өрттерінен зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақысын аударады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында орман өрттерінен зардап шеккендерді қолдау үшін бір күндік жалақысын аударады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 мамыр күні «Риддер орман шаруашылығы» КММ аумағында орман өрті басталған болатын. Орман көмкерген аумақтағы өрттің шамамен алынған ауданы 310,0 га құрады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының деректері бойынша қазіргі уақытта өрт тоқтатылды, таралуы жоқ, өрттің жиегінің ішінде толық сөндіру жүргізілуде.

Оқиға орнында 231 адам және 46 бірлік орман күзеті мен ТЖД техникасы, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшағы жұмыс істеуде.

Министрлік қызметкерлері өрттен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.