​​Қашаған кен орнында тереңдету жұмыстары бойынша дөңгелек үстел

​​Қашаған кен орнында тереңдету жұмыстары бойынша дөңгелек үстел

Қашаған кен орнында тереңдету жұмыстары бойынша дөңгелек үстел

Биылғы жылдың 6 мамырында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қашаған кен орнындағы тереңдету жұмыстары жүргізілетін жерге Атырау қаласына жұмыс сапарымен барады. Сапар мемлекеттік орган өкілдерінің, ғалымдардың және өңір тұрғындарының қатысуымен өтеді.

Сапар барысында теңіз логистикасы нұсқаларын қарастыру және Қашаған кен орны ауданында Каспий теңізі деңгейінің өзгеруінің ұзақ мерзімді болжамын талқылау жоспарлануда. Бұдан басқа, түбін тереңдету жұмыстарының таяздануға, Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, оның суының сапасына, ихтиофаунаға (бекіре және кіші балық түрлері), жануарлар әлеміне (құстар, итбалықтар және т.б.), сондай-ақ қорық аймақтарына әсері мәселелері қаралатын болады.

Сапар қорытындысы бойынша ертең Атырау уақытымен сағат 16.00-де құзыретті органдар, ғылым және қоғам өкілдерінің қатысуымен Қашаған кен орнында жоспарланған жұмыстарға қатысты дөңгелек үстел өтеді.

Ниет білдірушілер мына сілтеме бойынша қатыса алады: https://zoom.us/j/92926984227?pwd=amlPTTJiNHNBYkZEYUgxT3hzVU1lQT09

Meeting ID: 929 2698 4227

Passcode: 405069