Түркістан облысындағы каналдарды цифрландыру арқылы қанша суармалы су үнемделеді

Түркістан облысындағы каналдарды цифрландыру арқылы қанша суармалы су үнемделеді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысына іс-сапары барысында су каналдарын цифрландыру жұмысымен танысты. Пилоттық жоба ретінде автоматтырылған Жетісай ауданындағы К-19 каналындағы жұмыс нәтижесін тексерді.

«Бұл жоба 2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында жүзеге асырылды. Технологияның артықшылығы – суды да, қаржыны да үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы тәжірибені ескере отырып, алдағы бес жылда «Қазссушар» мекемесінің Түркістан филиалындағы 25 су каналы автоматтандырылады. Нәтижесінде суармалы суды 20%-ға үнемдеуге қол жеткізу жоспары бар. Сол кезде егістікке су беруде адам факторы орын алмайды», - деп түсіндірді «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы автоматтандыру бөлімінің жетекшісі Қалдархан Мейірманов.

Каналда бүгінге дейін су қарапайым жолмен есептеліп келді, сондықтан су шығынын дұрыс бақылау қиынға соғып, ресурсты тиімді пайдаланылмау жағдайлары орын алды.

«Біздегі ең үлкен проблеманың бірі – артық су жоғалту. Cу жоғалту көлемі қазір 40%-ды құрайды. Сондықтан республикалық бюджет пен шетелдік банктерден қаржы тарту арқылы судың есебін цифрландыру жұмысы жүріп жатыр. Жаңа технология үш ай ішінде-ақ өз нәтижесін беріп, су шығыны азая бастады. Ендігі жоспарымыз – 5 ішінде еліміздегі 119 ірі каналдарды цифрландыруз», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр аудандардағы су каналдарын аралау кезінде жергілікті халықтың арыз-шағымын да тыңдады, Тұрғындар суару кезеңінде суды уақытылы жеткізу бойынша өтініш білдірді. Ведомство басшысы елімізде 30-ға жуық су қоймасы жөндеуді талап ететінін, қазір каналдардың біразы жөнделіп, қалғанында жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатқанын түсіндірді. Сонымен бірге су үнемдеу мәселесі диқандардың өзіне де қатысты екенін атап өтті.