Министрліктің маңызды құрылымдық бөлімшелерін әйелдер басқарады – Мағзұм Мырзағалиев

Министрліктің маңызды құрылымдық бөлімшелерін әйелдер басқарады – Мағзұм Мырзағалиев

Бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев министрлік ұжымының әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«Көктем мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар. Сіздер біздің ортақ ісімізге, еліміздің экологиялық мәселелерін шешуде қызмет пен отбасын біріктіре отырып, зор үлес қосып келесіздер. Экология саласы ең маңызды және шешуші салалардың бірі. Бұл ретте сіздердің жұмысқа сүйіспеншілікпен атсалысуларыңыз өте маңызды», - деді министр.

Оның айтуынша, ұжымның әйелдер құрамы ведомствоның стратегиялық құрылымдық бөлімшелерін басқарады.

«Министрлікте Стратегиялық жоспарлау, қаржы мәселелері, трансшекаралық өзендер, халықаралық байланыстар, қоғаммен байланыс департаменттерін нәзік жандылар басқарады. Сондай-ақ, Қазгидромет тарихында алғаш рет бұл кәсіпорынды әйел басшы басқарып отыр. Аталған департаменттер мен кәсіпорын оңай бағыт емес. Ол салаларды басқару мол білімді қажет етеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр әйелдердің мемлекеттік міндеттерді іске асыруға деген ерекше жауапкершілігін атап өтіп, денсаулық, табыс және бақ-береке тіледі.