ҚР Экология, геология және табиғи ресусрстар вице-министрі жұмыс сапарымен Түркістан облысы мен Шымкент қаласында болды

ҚР Экология, геология және табиғи ресусрстар вице-министрі жұмыс сапарымен Түркістан облысы мен Шымкент қаласында болды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов жұмыс сапарымен су ресурстарын дамыту бойынша өңірдегі істеліп жатқан жұмыстарды пысықтау, аймақтың биылғы жылғы вегетациялық кезеңге дайындығын білу, сондай-ақ су саласының басқа да мәселелеріне назар аудару мақсатында Түркістан облысы мен Шымкент қаласына барды.

Жұмыс сапарының алғашқы күні вице-министр Түркістан облысындағы аудан, қала әкімдерімен селекторлық режимде жиналыс өткізді. Жиында Түркістан магистральды каналындағы құрылыс жұмыстарының барысы және Сырдария өзенінен машиналық канал салу жобасы, Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту жобалары талқыланды.

Вице-министрдің қатысуымен өткен селекторлық жиынға онлайн форматта қосылған жауапты мамандар облыстағы кей аудандар қазірдің өзінде су тапшлығынан зардап шегуде деп дабыл қақты.

Серік Қожаниязовтың айтуынша, егер берілген тапсырмалар орындалмаса, биыл жағдай айтарлықтай ауыр болмақ.

«Бұл ретте салмақ шаруаларға түспек. Ал, статистикаға көз жүгіртсек, бұл жағдай әр 5-6 жыл сайын қайталануда. Салдарынан орақ науқаны ойдағыдай орындалмауы мүмкін. Сол себепті шаруаларды суды аз қажет ететін өнім түрлерін өндіруге шақырамын» деді,- вице-министр.

Сонымен қатар экология вице-министрі Түркістан облысындағы К-19, К-20, -28, К-30, ПК-73 – Достық магистралды каналдарының каналдарының жұмыс барысымен және ИДЖЖЖ-2 жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

«ИДЖЖЖ-2 жобасы кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілетін болады», деп атап өтті Серік Қожаниязов.

Жұмыс сапары барысында вице-министр Шымкент қаласындағы нанос құрылғыларын шығаратын «КарлсКронор» ЖШС-нің жұмыстарымен де танысты.

Сондай жауапты мамандарға Жетісай ауданындағы «Машиналық әдіспен су көтеру каналының» арнасын тазалау және қажетті техникалармен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауға тапсырма берілді. Сондай-ақ 2021 жылғы жоспарға енгізілген насос қондырғыларын жөндеу жұмыстарын суармалы кезеңге дейін іске асырылуын қамтамасыз етуді де тапсырды.

Экология вице-министрі Серік Қожаниязовтың Түркістан облысы мен Шымкент қаласына сапарының қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, өңірдегі су шаруашылықтары нысандарына, су саласының мамандарына бірқатар тапсырмалар берілді.