«Таза табиғат» жобасы жасыл желек қорының көбеюіне серпін береді - Экология министрі

«Таза табиғат» жобасы жасыл желек қорының көбеюіне серпін береді - Экология министрі

5 ақпанда өткен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау бойынша мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза табиғат» жобасын әзірлеуді ұсынды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында аталған бастаманың маңыздылығы туралы жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза табиғат» жобасын әзірлеуге тапсырма берді.
Бұл бастама еліміздің «жасыл желек қорының» әрі қарай көбеюіне серпін беретініне сенемін»,- деді министр.


«Халқымыз үшін Наурыз мерекесін тойлау - әрқашан ерекше оқиға. Бұл мейрам кезінде табиғатқа қайтарым ретінде мейлінше көп ағаш отырғызып, айналаны көркейту шараларын өткізу керек. Табиғатқа, жануарларға деген жанашырлықты ұмытпауға тиіспіз. Президент тапсырмасымен біз қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру мақсатындағы көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық туризмді дамыту шараларын жалғастырамыз. Жалпы елдің экологиялық ахуалын жақсарту жұмыстары тоқтаусыз жүреді»,- деп атап өтті ведомство басшысы.