Мағзұм Мырзағалиев еліміздің су саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Громовқа алғыс айтты

Мағзұм Мырзағалиев еліміздің су саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Громовқа алғыс айтты

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Сергей Громовқа Қазақстанның су саласын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін алғыс айтып, кәсіби табыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Үкіметінің Қаулысымен Сергей Громов басқа жұмысқа ауысуына байланысты экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды.

Сергей Громов 2019 жылдың тамыз айынан бастап экология вице-министрі қызметін атқарды, оның басшылығымен елдің су шаруашылығы саласын дамыту бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылданды.