«Балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 25 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылау

«Балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 25 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығын цифрландыру бойынша жобаларды іске асыруды жоспарлауда.

Қазіргі уақытта «Балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 25 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

Жобамен Министрліктің интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/90057?lang=ru), сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілер порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5500220) танысуға болады.

Сондай-ақ, осы тақырып бойынша интернет-ресурста жарияланым болған (https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/125210?lang=ru).

Осы Қағидаларға өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығымен бекітілген Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сәйкес ақпараттандырудың сервистік моделі арқылы балықтар мониторингі бойынша ақпараттық жүйені енгізуге мүмкіндік береді.

Осылайша, балықтар мониторингін автоматтандыру үшін бизнес шешімдерді тарту жоспарлануда.

Министрлік бұл мәселеде жұртшылықпен белсенді ынтымақтасуға дайын, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарды электрондық пошта (a.akhmetzhanov@ecogeo.gov.kz) арқылы 2021 жылғы 18 қаңтарға дейін жіберуге болады.