«Магистралды су құбыры» ЖШС-не 334,1 миллион теңге айыппұл салынды.

«Магистралды су құбыры» ЖШС-не 334,1 миллион теңге айыппұл салынды.

Атырау облысының Экология департаменті «Магистралды су құбыры» ЖШС-не ластанған топырақ қалдықтарының жиналуына белгіленген лимиттерді бұзғаны үшін 334,1 миллион теңге әкімшілік айыппұл салды.

Анықталған фактілерге сүйене отырып, департамент Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғап, тиісті хаттама жасады.

Компания қабылданған шараларға сотта шағымданды. Алайда, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты шағымды қанағаттандырмады. Кейіннен Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы да компанияның шағымын қанағаттандырмады.

Осылайша, сот шешімдерімен «Магистралды су құбыры» ЖШС-нің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны расталды. Компанияға 334,1 миллион теңге айыппұл салынды.

Бүгінгі күнге дейін айыппұл толығымен өндіріліп, мемлекеттік бюджетке аударылды.