Қарашығанақ Петролеум Оперейтингтің Бас директорымен кездесу

Қарашығанақ Петролеум Оперейтингтің Бас директорымен кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ә.С. Қуантыровтың «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (KPO) Бас директоры Марко Марсилимен кездесуі өтті.

Кездесуді аша отырып, Министр KPO-мен көпжылдық стратегиялық әріптестікті және Қарашығанақ жобасының Қазақстанның экономикалық дамуы мен энергетикалық секторына қосқан үлесін атап өтті.

Кездесуде OGMP 2.0 бағдарламасын іске асыру, табиғатқа негізделген офсеттік жобалар мен шешімдерді (Nature-Based Solutions — NBS) іске асыру мәселелері қаралды.

Кездесудің жеке тақырыбы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру және Министрлік пен KPO арасындағы экологиялық ағарту платформалары, атап айтқанда өзін беделді диалог алаңы ретінде танытқан алдағы IX халықаралық «Uralsk Green Forum» форумы шеңберіндегі ынтымақтастық болды.

Министр атап өткендей, KPO елдегі ірі жер қойнауын пайдаланушылардың бірі бола отырып, қоршаған ортаны қорғау, өзара іс-қимыл және Үкіметпен диалог орнату саласындағы өз іс-әрекеттерімен басқа кәсіпорындарға үлгі көрсетуі тиіс.

Кездесу соңында Министр Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігіне назар аударды.