«Семей орманы» резерватында орманды қорғау және өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Семей орманы» резерватында орманды қорғау және өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында ормандарды қорғау және сақтау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Сондай-ақ қызметкерлердің ұсыныстары тыңдалып, саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу аясында 2026 жылғы 16 шілдеде резерват аумағында болған ірі орман өртін сөндіру кезінде кәсібилік, жауапкершілік және табандылық танытқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері Андрей Одинцов пен Олег Черепанов күрделі жағдайда атқарған еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Кездесу қорытындысында ормандарды қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек жағдайына қатысты мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.