
2026 жылғы 30 қыркүйек, Астана. Қазақстанның энергетикалық трансформациясы жөніндегі QaJET платформасы серіктестерінің екінші форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) бірлесіп ұйымдастырды.
Форум энергетикалық трансформацияны қолдауға мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы институттарының, даму ұйымдарының, инвесторлар мен технологиялық компаниялардың өкілдерін біріктірді.
Іс-шара барысында QaJET платформасын одан әрі дамыту, перспективалы жобаларды ілгерілету және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде қаржылық және технологиялық ресурстарды тарту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Мемлекеттік және халықаралық әріптестер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және энергетикалық трансформация саласындағы жобаларды практикалық іске асыру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға және QaJET платформасын дамыту бойынша бірлескен жұмысты күшейтуге дайын екендіктерін растады.