
Бүгін Семей қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шәрбиевтің Абай облысының тұрғындарымен, жұртшылық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге өңір тұрғындары мен қоғам өкілдерінен 200-ге жуық адам қатысты.
Кездесу барысында Абай облысындағы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды басқару және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Тұрғындар өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді көтеріп, өздерін толғандырған сұрақтар мен ұсыныстарын жеткізді. Вице-министр азаматтардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан қоршаған ортаны қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді. Бірқатар мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптары және оларды шешу тетіктері түсіндірілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар мен мемлекеттік орган өкілдері арасында пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Кездесуден кейін Н. Шәрбиев өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Брифинг барысында журналистер Абай облысындағы экологиялық жағдай, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды басқару, табиғи ресурстарды пайдалану және экологиялық мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты сауалдарын қойды.
Абай облысына сапар барысында вице-министр өңірдегі экологиялық ахуалға қатысты мәселелермен танысып, жергілікті тұрғындар мен қоғам өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады.
Министрлік тарапынан өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу, қоршаған ортаның сапасын жақсарту және халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылатын болады.