Тағы бір рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды

Тағы бір рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды

Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және жою жұмыстарын жалғастыруда.

Кезекті қоқыс орны сорғы станциясының артындағы дала аумағында, әуежайдан шамамен 1 км қашықтықта анықталды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аумақ тазартылып, шамамен 100 тонна қалдық шығарылды.

Геопортал мәліметіне сәйкес, облыста барлығы 500 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталған. Бүгінде оның 482-сі жойылды. Бұл — 96%.

«Таза Қазақстан» аясында аумақтарды тазарту жұмыстары жалғасуда.

Таза аумақ — ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.