Қазақстан мен Жапония JCM бірлескен несиелеу тетігі аясындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан мен Жапония JCM бірлескен несиелеу тетігі аясындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінде бүгін жапондық іскерлік орта өкілдерімен кездесу өтті, оның барысында төмен көміртекті даму саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен кредиттеу тетігі (JCM) шеңберінде жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында тараптар іске асырылып жатқан бастамалардың ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат алмасып, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және қазіргі заманғы төмен көміртекті технологияларды енгізуге бағытталған жобаларды ілгерілету жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Қазақстанның декарбонизация, экологиялық жаңғырту және төмен көміртекті экономикаға көшу саласындағы ұлттық басымдықтарына сәйкес келетін жобаларды іске асыру үшін JCM тетігін қолдануды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Қазақстанның стратегиялық серіктесі болып табылатын Жапониямен технологиялық ынтымақтастықтың заманауи шешімдерді ілгерілетудегі және шығарындыларды азайту жөніндегі жобаларға инвестициялар тартудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Тараптар JCM шеңберінде жобаларды одан әрі дамыту бойынша сындарлы диалог пен бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.