«Потенциал Ойл» ЖШС қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін 1,4 миллиард теңгеден астам айыппұл төледі

«Потенциал Ойл» ЖШС қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін 1,4 миллиард теңгеден астам айыппұл төледі

Атырау облысының Экология департаменті «Потенциал Ойл» ЖШС қызметін қоршаған ортаны қорғау заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

Тексерулер бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, өндірістік қоршаған ортаны дұрыс бақылау, ағынды суларды бақылау талаптарын бұзу, міндетті экологиялық есептерді тапсырмау, кешіктіріп тапсыру және дұрыс тапсырмау жағдайлары анықталды.

Сонымен қатар, ластаушы заттардың шығарындылары мен кейбір жұмыс түрлерінің тиісті экологиялық рұқсатсыз орындалуы, белгіленген шығарындылар лимиттерінен асып кетуі және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқару талаптарын бұзу жағдайлары анықталды.

Ластанған топырақ пен түбіндегі шламның қажетті экологиялық рұқсаттар мен бекітілген лимиттердісіз жиналып қалғаны, ал қалдықтарды басқару бағдарламасы кәсіпорын шығарған нақты қалдықтарға сәйкес келмегені анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1,4 миллиард теңге әкімшілік айыппұл салынды.

«Потенциал Ойл» ЖШС қолданылған шараларға сотта шағымданды. Бірінші және апелляциялық соттар компанияның шағымдарын қанағаттандырмады.

Қазіргі уақытта мемлекетке жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар толық өндірілді.