Бір ғасыр бойы қорғалған жабайы табиғат

Бір ғасыр бойы қорғалған жабайы табиғат

Ақсу-Жабағылыда табиғат өз заңымен өмір сүреді. Қар барысы биік тауды мекендейді, арқар мен таутеке құз-жартастарды еркін кезеді, ал қоңыр аю тау бөктері мен орманды алқаптарда тіршілік етеді

Бұл жануарлардың әрқайсысының өз мекені, өз тіршілік ырғағы бар. Оларды біріктіретін бір нәрсе — осы табиғи ортаның бір ғасыр бойы қорғалып келе жатқаны

1926 жылы құрылған Ақсу-Жабағылыда жабайы жануарларды ғана емес, олардың мекен ету ортасын табиғи қалпында сақтау басты міндеттердің бірі болды. Содан бері 100 жыл өтті

Бір ғасырда көп нәрсе өзгерді. Бірақ бұл тауларда жабайы табиғаттың өз ырғағымен өмір сүруі жалғасып келеді.

100 жыл. Бір мекен. Жабайы табиғаттың үзілмеген тіршілігі

Ақсу Жабағылы -- 100 жылдық жол. 1926 → 2026