Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу

15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ә. С. Қуантыровтың Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесуі өтті.

Ә. Қуантыров кездесу басында Елші мырзаға Өңірлік экологиялық саммитке жеке қатысқаны үшін алғысын білдіре отырып, Қазақстан-Иран қатынастарын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ біздің елдеріміз үшін ерекше маңызы бар Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударғанын атап өтіп.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында ҚР ЭТРМ мен Иранның құзыретті органы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою мәселелерін талқылады.

А. Джокар ведомство басшысына 23 қыркүйекте Тегеран қаласында өтетін COP — 7 отырысы шеңберінде Тегеран конвенциясына қатысушы елдердің қоршаған орта министрлерінің кездесуіне қатысуға шақыруды тапсырды.

Министр атап өткендей, Қазақстан мен Иранның өзара іс-қимылының маңызды бағыттарының бірі біздің өңірлер үшін стратегиялық маңызы бар Каспий теңізі болып табылады.

Биыл 20 жыл болған Тегеран конвенциясы қоршаған ортаны сақтау және Каспий теңізін орнықты дамыту мақсатында Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығының маңызды өңірлік тетігі болып табылады.

Кездесу соңында Министр Қазақстандағы елші мырзаның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты оған Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.