Құландар Іле-Балқаш резерватына жіберілді

Құландар Іле-Балқаш резерватына жіберілді

Құлан популяциясын сақтау және оның табиғи таралу аймағын кеңейту мақсатында Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына құландар көшірілді.

Жануарлар жаңа аумаққа жеткізіліп, табиғи ортаға жіберілді. Алдағы уақытта мамандар олардың жаңа мекенге бейімделуін, қозғалысы мен жалпы жағдайын бақылауды жалғастырады.

Бұл жұмыс құланның табиғи популяциясын қалпына келтіруге, таралу аумағын кеңейтуге және Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған.