Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары – бірегей табиғи мұра

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары – бірегей табиғи мұра

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі ландшафттарымен және бірегей экожүйелерімен ерекшеленеді. Асқар таулар мен орманды алқаптардан бастап, кең дала, шөлейт аумақтар, өзен-көлдерге дейінгі табиғи кешендер еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында сақталған.

Ұлттық парктер, мемлекеттік табиғи қорықтар мен резерваттар биологиялық әртүрлілікті сақтау, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау және табиғи экожүйелерді зерттеуде маңызды рөл атқарады.

Қазақстанның әр өңіріндегі ерекше табиғи аумақтардың өзіндік келбеті мен қайталанбас табиғи ерекшеліктері бар.

Назарларыңызға еліміздің ұлттық парктері, қорықтары мен резерваттарының көркем табиғатын акварель стилінде ұсынамыз.

Қазақстан табиғаты – келер ұрпаққа аманат бірегей мұра.