
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А.С. Қуантыровтың Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Өзхан Хусейн бастаған Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен екіжақты кездесуі өтті.
Кездесу басында Министр ЕҚДБ-ға Қазақстанмен климаттық және экологиялық реформаларды ілгерілетудегі көпжылдық және жемісті ынтымақтастығы, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайту, жасыл экономиканы дамыту және ұлттық климаттық саясатты нығайту жөніндегі жобаларды қолдауға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Әңгіме барысында тараптар стратегиялық құжаттардан оларды іс жүзінде іске асыруға көшудің маңыздылығын талқылады.
О.Хусейн өз сөзінде Қазақстанның QaJET әділ энергетикалық ауысуы жөніндегі инвестициялық платформасына, атап айтқанда жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту, электр желілері мен энергияны сақтау жүйелерін жаңғырту, ЖЭК негізіндегі жылыту пилоттық жобасын іске асыру бағыттарына толығырақ тоқталды.
Сондай-ақ, кездесуде Антальядағы COP31-де QaJET-ті іске қосу аясында құжатқа қол қою мәселелері талқыланды. Бұл QaJET-ті халықаралық әріптестерге ұсынуға, жұмыстың одан әрі бағыттарын белгілеуге және платформаны құру жөніндегі уағдаластықтардан оны іс жүзінде іске асыруға көшуге мүмкіндік береді.
Министр атап өткендей, Қазақстанның, ЕҚДБ мен басқа да әріптестердің даму жөніндегі күш — жігерін біріктіру әділ және тұрақты ауысуға-Климаттық міндеттемелерден адамдарға, экономикаға және қоршаған ортаға пайда әкелетін нақты іс-әрекеттерге қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.