«Теңізшевройл» ЖШС басшысымен кездесу

«Теңізшевройл» ЖШС басшысымен кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А. С. Қуантыровтың «Теңізшевройл» ЖШС Бас директоры Уильям Лакобимен кездесуі өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға, ресурстарды ұтымды пайдалануға және озық технологияларды енгізуге бағытталған іс-шаралар тізбесін талқылады.

Өз сөзінде Уильям Лакоби өндірістік операциялар кезінде шығарындылар мен эмиссиялардың қарқындылығын азайту үшін енгізіліп жатқан Жаңа пайдалану стандарттары мен озық технологияларға толығырақ тоқталды.

Министр атап өткендей, ТШО елдегі ірі жер қойнауын пайдаланушылардың бірі бола отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы, Үкіметпен өзара іс-қимыл жасаудағы және диалог орнатудағы өз іс-әрекеттерімен басқа кәсіпорындар үшін үлгі болуға тиіс.

Кездесу соңында Министр Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының мүлтіксіз сақталуына назар аударды.