Қазақстан мен Жапония «жасыл» энергетика және декарбонизация саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде

Қазақстан мен Жапония «жасыл» энергетика және декарбонизация саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Ямада Кэндзи мырзамен кездесті.

Тараптар төмен көміртекті даму, жапондық инвестицияларды тарту және озық экологиялық технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.

Кездесудің негізгі қорытындылары:
- Бірлескен кредиттеу механизмін (JCM) дамыту
Қазақстан Жапониямен серіктестікті жоғары бағалайды және JCM механизмін парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және технологиялар трансферінің тиімді практикалық құралы ретінде қарастырады.   

- Заңнамалық деңгейде бекіту
Дәл бүгін, 8 қыркүйекте, Қазақстан Республикасының экология мәселелері және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру бойынша Заңы күшіне енеді. Бұл құжат Париж келісімінің 6.2 және 6.4-баптары шеңберінде халықаралық көміртегі механизмдерін іске асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырады.

- Бирыңғай әдістеме
JCM Бірлескен комитетінің бұдан арғы жұмысы көміртегі кредиттерін сәтті алу мақсатында парниктік газдар шығарындыларын азайтуды есептеудің бірыңғай ережелерін әзірлеуге және бекітуге бағытталады.

Министрлік көміртекті бейтараптық мақсаттарына жету үшін жапондық әріптестермен практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ниетті!

Министрлік көміртекті бейтараптық мақсаттарына жету үшін жапондық әріптестермен практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ниетті!