
БҰҰ Бас Ассамблеясының Қазақстанның бастамасымен 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялау туралы қарар қабылдауыеліміздің экология саласында жүргізіп отырған жұмысына берілген маңызды халықаралық баға
Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте ұсынған болатынҚазақстанның ұсынысын әлемнің түрлі өңірлерінен 32 мемлекет қолдады
Қазақстанда көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келедіОның негізгі бағыттарыормандарды қалпына келтіруорман алқаптарын ұлғайтушөлейттенудің алдын алуклиматтың өзгеру салдарын азайту және елді мекендерді көгалдандыру
2021–2025 жылдары мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млн гектардан астам жерде 1,6 млрд-тан астам көшет отырғызылыптұқым себілді. 2026 жылы 210 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарланғанМемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын 2027 жылдың соңына дейін орындау көзделіп отыр
Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарыда жалғасуда. 2021–2025 жылдары жоспарланған 15 млн ағаштың орнына шамамен 18,4 млн ағаш отырғызылдыАлдағы уақытта аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерді көгалдандыруғасондай-ақ қалалардың айналасында жасыл аймақтар құруға басымдық беріледі
Арал теңізінің құрғаған табанында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2021–2025 жылдары 1,1 млн гектардан астам аумақ орман-мелиорациялық жұмыстармен қамтылдыБұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасадыСонымен қатар көшет өсіруге қажетті инфрақұрылымды дамыту және атқарылатын жұмыстарды ғылыми сүйемелдеу қарастырылған
«Таза Қазақстанжалпы ұлттық бастамасы аясында соңғы екі жылда елімізде 1,5 мыңға жуық экологиялық іс-шара өткізіліпшамамен 5,5 млн ағаш отырғызылдыЭкологиялық іс-шараларға жыл сайын миллиондаған азамат пен ерікті қатысады
Қазіргі міндетағаш отырғызу көлемін арттырумен қатароның сапасына да көңіл бөлуОсыған байланысты орман питомниктерін дамытуөңірлерді жергілікті жағдайға бейімделген көшеттермен қамтамасыз етуотырғызылған ағаштардың жерсінуін бақылау және елді мекендердің айналасындағы жасыл аймақтарды кеңейту жұмыстары жүргізілуде
Алдағы бағыттардың біріОрталық Азия елдерініңОрталық Азияның жасыл қалқаныөңірлік бастамасыОның аясында қорғаныш орман екпелері мен жасыл белдеулер құру көзделгенҚазақстанда осы бастама шеңберінде 1 млн гектардан астам аумақта орман екпелерін отырғызу мәселесі қарастырылудаСонымен қатар халықаралық климаттық қаржыландыруды тарта отырыпорман-климаттық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр
Қазақстан Республикасында биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі 2026–2035 жылдарға арналған тұжырымдамада да ормандарды қорғау және молықтыруға ерекше көңіл бөлінген
Тұжырымдамаға сәйкесорманмен көмкерілген аумақтарды 2026 жылғы 14,03 млн гектардан 2035 жылға қарай 14,7 млн гектарға дейін ұлғайту жоспарланғанСонымен бірге ормандарды молықтыруорман өсіруге жарамды жаңа жерлерді анықтауорманды қалпына келтіру және көгалдандыру жұмыстары жалғасады
Осы жұмыстардың барлығы еліміздің жасыл қорын ұлғайтуға және табиғи экожүйелерді сақтауға бағытталғанБұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады
Халықаралық планетаны көгалдандыру күнінің белгіленуі елдерді ортақ экологиялық мәселелерді шешуге біріктіруге мүмкіндік бередіБұл күні мемлекеттерхалықаралық ұйымдарғылыми қауымдастық, бизнес, еріктілер мен тұрғындар жерлерді қалпына келтіруорман алқаптарын көбейту және елді мекендерді көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға назар аудара алады
Қазақстан осы бастаманы ұсынған мемлекет ретінде елдегі көгалдандыру және ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып, осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті