
Қарақұйрық — Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарына бейімделген ең шапшаң жануарлардың бірі. Қауіп төнгенде оның жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан асады.
Оны алыстан-ақ тануға болады: денесі жеңіл, аяқтары жіңішке әрі ұзын, ал аталықтарының қара түсті иілген мүйіздері бар. Жаздың аптап ыстығына да, қыстың суығына да төзімді.
Қарақұйрық көбіне ашық кеңістікті мекендейді. Мұндай жерде жасырынатын орын аз. Сондықтан қауіптен құтылудың басты жолы — жылдамдық пен сақтық.
Бір кездері Қазақстанның шөлді өңірлерінде кең таралған қарақұйрық саны адам әрекеті мен заңсыз аулаудың салдарынан азайған.
Бүгінде қарақұйрық Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауында.