Алматы қаласында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмыстары жалғасуда

Алматы қаласында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Алматы қаласында қалдықтарды заңсыз орналастыру орындарын анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Мониторинг жұмыстарын Экология департаментінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізуде.

"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ Геосервисінің деректеріне сәйкес 2026 жылы Алматы қаласының аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері тіркелген жоқ. "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ геосервисінің жұмысы жалғасуда және тұрақты бақылауда.

2026 жылдың 8 айында Алматы қаласы бойынша экология департаменті жоспардан тыс тексеру барысында жергілікті өзін өзі басқару органдарының 6 лауазымды тұлғасын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Департамент 1 081 250 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салды, қалғандары СМСАП-қа жіберілді.

Бүкілхалықтық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміз бойынша миллиондаған адамды жұмылдырып, аумақтарды тазалау, көгалдандыру, экологиялық ағарту шараларын жүйелі түрде өткізіп келеді. Үкіметтің атап өткеніндей, «Таза Қазақстан» — бұл бір реттік акция емес, ол күнделікті өмірдің мәдениетіне айналуға тиіс. Бұл бағытта барлық халықтық қауымдастықтың атқарып отырған жұмыстары айрықша маңызды: қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, қайта өңдеуді ынталандыру, ұжымдық еріктілік және экологиялық білім беру тәжірибесін дамыту.