Құлан — даланың еркін рухы

Құлан — даланың еркін рухы

Бір қарағанда есекке ұқсайды, ал жүйріктігі жылқыдан кем түспейді. Бұл — қазақ даласының ерекше жануары құлан.

Құлан — Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарлардың бірі. Ол кең дала мен шөлейтті аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Төзімді, сақ әрі өте жүйрік жануар.

Құланның тағы бір ерекшелігі — табиғатта үйірімен тіршілік етуі. Кеңістікті еркін мекендейтін бұл жануарлар еліміздің жабайы табиғатының ажырамас бөлігі.

Бүгінде құланды сақтау, санын қалпына келтіру және табиғи мекендерін қорғау бағытында жұмыстар жалғасуда.