Қауіпті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелері талқыланды

Қауіпті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы бойынша міндеттемелерін орындаудың ұлттық жоспарын іске асыру шеңберінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Сенімді провайдерден біліктілікті тексеру (зертханааралық салыстырулар): жақын әрі қолжетімді» атты II Халықаралық конференцияға қатысты.

Конференция барысында қауіпті қалдықтарды зертханалық зерттеу және олармен қауіпсіз жұмыс істеу, тұрақты органикалық ластағыштарды мониторингтеу, сондай-ақ зертханалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.

Министрліктің бастамасымен «Жасыл даму» АҚ мен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум тұрақты органикалық ластағыштарды мониторингтеу және олармен қауіпсіз жұмыс істеу саласындағы өзара іс-қимылды дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ сараптамалық және зертханалық әлеуетті нығайтуды көздейді.