
Су айдындары – ауыз судың негізгі көзі әрі көптеген өсімдіктер мен жануарлардың табиғи мекені. Тұрмыстық қалдықтардың, мұнай өнімдерінің, химиялық заттардың немесе тазартылмаған ағынды сулардың аз мөлшерде болса да түсуі су экожүйесінің табиғи тепе-теңдігін бұзуы мүмкін.
Судың ластануы оның сапасының төмендеуіне, су организмдері санының азаюына және қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ластанған су айдындарын қалпына келтіру көп уақыт пен қомақты ресурстарды қажет етеді.
Өзендердің, көлдердің және басқа да су нысандарының тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Су ресурстарына ұқыпты қарау табиғатты сақтауға және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Су айдындарын қорғайық – таза су әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады!