
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Азия-Тынық мұхиты аймағындағы апат қаупін азайтуды және климаттың өзгеруіне төзімділікті нығайтуға арналған аймақтық ұйым - Азиялық апаттарға дайындық орталығымен (ADPC) белсенді ынтымақтастықта.
ҚР үшін бірлескен жобаның бөлігі ретінде ADPC парниктік газдар шығарындыларын тиімді бақылау және басқару, сондай-ақ елдің көміртегі ізін азайту стратегияларын жоспарлау үшін көміртегі ізі картасын әзірлеуде. Бұл жұмыс ұлттық және халықаралық климаттық саясат міндеттемелерін орындауға ықпал етеді.
Сонымен қатар, орталық орман өрттерінің алдын алу бойынша орман секторында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетімен белсенді ынтымақтастықта болуды жоспарлап отыр. Бұл ынтымақтастық алдын алу шараларын күшейтуге, ерте ескерту жүйелерін әзірлеуге және орман ресурстарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Экология министрлігі халықаралық және аймақтық ынтымақтастық арқылы табиғи ресурстарды басқару және климаттық тәуекелдерді азайту бойынша стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. ACSB-мен ынтымақтастық Қазақстандағы тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікке бағытталған маңызды қадам болып табылады.