
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және заңсыз қоқыс үйінділерін жою бағытындағы жұмыстары тұрақты негізде іске асырылып келеді.
Ауқымды акцияның негізгі мақсаты - қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және әрбір азаматтың табиғат алдындағы жеке жауапкершілігін арттыру.
Таза әрі қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру - баршамызға ортақ міндет. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар өңірдің санитарлық жағдайын жақсартуға және халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.
«Таза Қазақстан» - таза болашақтың сенімді кепілі.