Ұлытау – тарих пен табиғат тоғысқан қасиетті мекен

Ұлытау – тарих пен табиғат тоғысқан қасиетті мекен

Қазақстанның дәл жүрегінде, сайын даланың төсінде асқақтап тұрған – Ұлытау.
Бұл – ел тарихының алтын бесігі, бабалар рухы мен ұрпақ аманатын жалғаған киелі мекен. Ұлытау – ұлттың ұлы жыры, рухтың мәңгілік оты. Мұнда әрбір тас, әрбір қырат – тарихтан сыр шертеді. Көк түріктерден бастап, Алтын Орда мен Қазақ хандығына дейінгі елдіктің ізі осы өңірден бастау алады.
Әмір Темірдің тақ орнатқан, Жошы ханның мәңгілік мекен тапқан жері де – осы.

Ұлытау – тек тарих емес. Бұл – көз тартар табиғат, биік таулар мен тұмса өзендер өлкесі. Қасиетті жер қойнауы шежіреге толы, ал аспаны – еркіндіктің символы. Бүгінде Ұлытау – тәуелсіз елдің тарихи орталығы. Мұнда өткен мен болашақ тоғысып, жас ұрпаққа ұлағатты тәрбие беріп келеді. Ұлт ұясы болған Ұлытау – әр қазақтың жүрегінде!

Ұлы тарихтың ізі мен бай табиғат тоғысқан жерде — Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан. 2021 жылы құрылған бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақ — еліміздегі 14-ші ұлттық парк.

Оның басты мақсаты — табиғи экожүйелерді сақтау, биологиялық әртүрлілікті қорғау, және тарихи-мәдени мұраны болашаққа аманаттау. Парк аумағы — 58 912 мың гектар. Бұл — тек өлшем емес. Бұл — тұмса табиғат пен тарихты тоғыстырған қасиетті кеңістік.

2019 жылы АСБК жүргізген зерттеу барысында жәндіктер мен өрмекші тәрізділерді 16 отрядының 145 тұқымдасынан 345 түрі кездеседі. Алдыңғы зерттелген деректер бойынша жәндіктер мен өрмекші тәріздестердің 345 түрі бар. Жалпы санның ішінде 105 жәндіктер мен өрмекші тұқымдастар анықталды, олардың ішінде доминанттылар,яғни мониторинг және сирек кездесетін түрлер. Мұндай алуан түрлілік бұл аймақтың биологиялық тұрғыдан ерекше құндылығын көрсетеді.

Бұл жер — өткеннің өнегесі мен болашақтың бағдары тоғысатын киелі мекен. Мұнда келген әрбір жан табиғатпен ғана емес, тарихпен, бабалар рухымен жүздеседі. Тынысы терең, топырағы қасиетті бұл өңір – әр қазақ үшін қастерлі.

Ұлытауға сапар – бұл тек табиғат көру емес. Бұл – өзіңді тану, ұлтыңды сезіну, түп-тамырыңа қайта оралу. Ал өткеннің үні – Ұлытауда жаңғырады.

Ұлытауға кел!
Тарихпен тілдес.

Табиғатпен үндес.
Рухыңды көтер.
Тамырыңа орал.