Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның Су саясаты туралы ұлттық диалог бойынша ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның Су саясаты туралы ұлттық диалог бойынша ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Су саясаты туралы ұлттық диалог бойынша ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Отырыс жұмысы бейнеконференция режимінде өткізілді.

Отырыста трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және пайдалану бойынша Қазақстанның шектес елдермен ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген іс-шаралар қарастырылды, сондай-ақ 2021 жылға арналған ССҰД жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар әзірленді.

Қатысушылармен өнеркәсіптік авариялардан судың ластануын болдырмау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетіктері және Су мен денсаулық проблемалары жөніндегі хаттама шеңберінде орындалатын іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Отырысқа Қазақстанның мемлекеттік органдары, ғылыми институттары, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен Еуропалық Одақтың «Еуропалық Одақ-Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық, WECOOP» өңірлік жобасын орындау шеңберінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен, Халықаралық суды бағалау орталығымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

 

Анықтамалық: Су саясаты жөніндегі ұлттық диалогтар (ССҰД) БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) қолдайтын Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия (ШЕКОА) елдері үшін Еуропалық Одақтың су бастамасының құрамдаушын іске асырудың негізгі құралы болып табылады.

Қазақстан үшін ССҰД Қазақстанның су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелерін шешуде су ресурстарын басқару және мемлекеттік органдар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке сектор арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға арналған алаң

ССҰД Еуропалық Одақтың, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қолдауымен 2012 жылдан бастап Қазақстанда орындалуда.

Консультациялық-кеңесші орган ретінде ССҰД жөніндегі қызметті үйлестіруді және оған басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша құрылған ССҰД бойынша ведомствоаралық үйлестіру кеңесі жүзеге асырады.

Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің жұмыс органының (хатшылығының) функцияларын Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орындайды.