Вице-министр Н. Шарбиевтің Аризона университетінің президенті Гаримелла Сурешпен кездесуі өтті

Вице-министр Н. Шарбиевтің Аризона университетінің президенті Гаримелла Сурешпен кездесуі өтті

2026 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шарбиевтің Аризона университетінің Президенті Гаримелла Сурешпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар экология, орнықты туризм, ұлттық парктерді дамыту, қалдықтарды басқару және су қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Каспий теңізіне қатысты мәселелерге, сондай-ақ оларды шешу мақсатында академиялық ынтымақтастық аясында үздік тәжірибелермен алмасуға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық бастамаларды бірлесіп пысықтауға және өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.