
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қолайлы қоршаған ортада өмір сүруге, қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат алуға, экологиялық мәселелерді талқылауға қатысуға және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқылы.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Қоршаған ортаны аялау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және экологиялық заңнаманы сақтау – еліміздің тұрақты дамуының негізі.