ЭКОФАКТ | Смог неліктен пайда болады?

ЭКОФАКТ | Смог неліктен пайда болады?

Смог – бұл атмосфералық ауаның қауіпті ластану түрі. Ол ауада түтіннің, шаңның, зиянды газдардың және ұсақ қатты бөлшектердің жиналуы нәтижесінде пайда болады.

Смогтың негізгі себептері:
- автокөлік құралдарының шығарындылары;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу көздерінің шығарындылары;
- қоқыс пен өсімдік қалдықтарын жағу;
- желсіз ауа райы, температуралық инверсия және тұман.

Смогтың салдары:
• атмосфералық ауаның сапасын төмендетеді;
• тыныс алу жүйесіне кері әсер етеді;
• көріну қашықтығын азайтады;
• қоршаған орта мен экожүйелерге зиян келтіреді.

Таза ауа – әрқайсымыздың ортақ байлығымыз. Ауаның ластануын азайту үшін экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау маңызды.