
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында және су нысандарын тазарту мен қорғауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» акциясы шеңберінде Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы аумағындағы «Жұмабай» көлі маңында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, Ұлытау ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің мамандары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері қатысты.
Сенбілік барысында көл жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, су маңындағы табиғи аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, келушілер арасында қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарына ұқыпты қарау, табиғатты сақтау және тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Экологиялық шараның негізгі мақсаты – табиғи аумақтарды сақтау, су нысандарының тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау құндылықтарын қалыптастыру.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. «Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясындағы мұндай бастамалар еліміздің табиғи байлығын сақтауға, су айдындарының тазалығын қамтамасыз етуге және экологиялық мәдениетті дамытуға маңызды үлес қосады.