Макулатураның екінші өмірі

Макулатураның екінші өмірі

Ескі қағаз бен картон қалдықтарының кейін не болатынын ойлап көрдіңіз бе? Олар қоқыс полигондарында жылдар бойы жатып, қоршаған ортаға зиян келтіреді. Оның орнына олар қоғам игілігіне қызмет ететін жаңа өнімге айнала алады.

Бейнеде макулатураны жоғары сапалы гофрокоробкаға айналдыру үдерісі көрсетілген. Алдымен қағаз қалдықтары жиналады, сұрыпталады және ұсақталады, кейін целлюлоза массасына айналдырылады. Одан кейін материал толық тазартылады. Нәтижесінде экологиялық таза, қауіпсіз және ұзақ мерзім пайдалануға болатын гофр картон материалы алынады.

Жоба Алматы қаласында «Интер Мульти Сервис» ЖШС тарапынан кәдеге жарату төлему есебінен «Жасыл даму» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.