
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары күн сайын өздеріне бекітілген аумақтарда күзет және бақылау жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстардың маңызды бағыттарының бірі – фенологиялық бақылау.
Фенологиялық бақылау – табиғаттағы маусымдық өзгерістерді жүйелі түрде зерттеу. Оның барысында өсімдіктердің гүлдеуі, жеміс беруі, жапырақ жаруы мен сарғаюы, құстардың келуі мен қайтуы, жануарлардың мінез-құлқындағы өзгерістер сияқты табиғи құбылыстар тіркеледі.
Жиналған деректер табиғи экожүйелердің жағдайын бағалауға, климаттық өзгерістердің әсерін бақылауға және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды қорғау шараларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.