Автокөлік шиналарының екінші өмірі

Автокөлік шиналарының екінші өмірі

Ескі автокөлік шиналарының кейін не болатыны туралы ойланып көрдіңіз бе? Олар қоқыс полигондарында жылдар бойы жатып, қоршаған ортаға зиян келтірудің орнына, қоғам игілігіне қызмет ететін жаңа өнімге айнала алады.

Бейнеде пайдаланылған шиналарды жоғары сапалы резеңке үгіндісіне айналдыру үдерісі көрсетілген. Алдымен шиналар ұсақталып, кейін металл корд пен тоқыма қалдықтарынан толық тазартылады. Нәтижесінде қауіпсіз, экологиялық таза және ұзақ мерзім пайдалануға болатын материал алынады.

Резеңке үгіндісі қайда қолданылады?

Балалар алаңдарына арналған қауіпсіз жабындарда;
Спорт алаңдары мен жүгіру жолақтарында;
Аула аумақтары мен спорт залдарына арналған резеңке плиткалар өндірісінде;
Жасанды көгалдар мен спорттық жабдықтардың толтырғышы ретінде.

Шиналарды қайта өңдеу - бұл тек жаңа шикізат өндіру ғана емес. Бұл қоршаған ортаны қорғауға, қалдықтарды азайтуға және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға қосылған үлес.

Бұл жоба «Жасыл даму» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен Рудный қаласындағы «ЕДІЛ И КОМПАНИЯ» ЖШС-де жүзеге асырылуда.