Шымкентте анықталған 18 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

Шымкентте анықталған 18 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында ағымдағы жылдың наурыз–сәуір айларында Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің мамандары аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп қала аумағында мониторингтік тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг нәтижесінде қалдықтарды заңсыз орналастырудың 18 ошағы анықталды.

Аталған мәселе жедел бақылауға алынып, аудан әкімдіктері тарапынан қажетті санитарлық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде анықталған барлық заңсыз қоқыс үйінділері толықтай жойылып, аумақтар тазартылып, тиісті санитарлық жағдайға келтірілді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың санитарлық мәдениетін арттыруға және қалдықтарды заңсыз орналастыру фактілерінің қайта орын алуына жол бермеуге бағытталған.

Таза қоршаған орта — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!