
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің делегациясы Германия Федеративтік Республикасының Бонн қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі маусымдық келіссөздеріне (SB 64) қатысуда.
Пленарлық отырыста Қазақстан атынан мәлімдеме жасалып, жаңартылған ұлттық айқындалған үлесті (NDC 3.0) іске асырудың, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.
Бонн климаттық келіссөздері 8 маусымда басталды және 18 маусымға дейін жалғасады.