
САМАРҚАНД, 2026 жылғы 4 маусым – Жаһандық экологиялық қордың (ГЭҚ) 8-ші Ассамблеясы аясында Министрлік өкілдері «Экологиялық дәліздерден жергілікті қауымдастықтарға дейін: Орталық Азиядағы жабайы табиғатты сақтау және орнықты ландшафттарды дамыту жөніндегі өңірлік көзқарас» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі қатар өткізілген іс-шараға қатысты.
Кездесудің негізгі нәтижесі ретінде өңір елдерінің табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары бірлескен ресми құжатқа қол қойды:
«Қар барысын, негізгі трансшекаралық жабайы табиғат түрлері мен таулы ландшафттарды сақтауға бағытталған GEF-9 STAR бастамасын қолдау жөніндегі қызығушылық білдіру».
Құжат Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның БҰҰ Даму бағдарламасының (ПРООН) қолдауымен Жаһандық экологиялық қордың 9-шы қаржыландыру кезеңі (GEF-9 STAR) шеңберінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растайды.
Тараптар таулы экожүйелер мен жабайы табиғаттың негізгі түрлерін, оның ішінде қар барысын, арқарды және ақбөкенді сақтауға, сондай-ақ өңір елдері арасындағы үйлестіруді күшейтуге және деректер алмасуды дамытуға күш-жігер жұмылдыруға уағдаласты.