Қазақстан мен Пәкістан экология және климат саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Қазақстан мен Пәкістан экология және климат саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Жаһандық экологиялық қордың 8-ші Ассамблеясы аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Пәкістан Ислам Республикасының Климаттың өзгеруі және экологиялық үйлестіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Шерза Мансаб Али Хан Карал ханыммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар биылғы жылдың ақпан айында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру перспективаларын талқылады. Әңгіме барысында екі ел үшін ортақ болып саналатын су қауіпсіздігі, жердің тозуы және табиғи экстремалды құбылыстардың жиілеуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Пәкістанның су ресурстары мен ауыл шаруашылығының климаттық орнықтылығын арттыруға бағытталған «Мұздықтардан фермерлерге дейін» бағдарламасына бірлесіп қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер ортақ экологиялық және климаттық сын-қатерлерді шешуге бағытталған бірлескен бастамаларды одан әрі дамытуға өзара мүдделілік танытатынын растады.