Самарқандта ГФК-ны қысқарту және орнықты салқындатуды дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаға старт берілді

Самарқандта ГФК-ны қысқарту және орнықты салқындатуды дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаға старт берілді

Самарқанд қаласында өткен Жаһандық экологиялық қордың 8-ші Ассамблеясы аясында БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО) Өзбекстан, Қазақстан, Әзербайжан және Украина арасындағы гидрофторкөміртектерді (ГФК) кезең-кезеңімен қысқарту және орнықты салқындату жүйелерін дамыту жөніндегі ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасын іске қосуға арналған жоғары деңгейдегі іс-шара өткізді. Іс-шараға өңір елдерінің үкімет өкілдері, халықаралық ұйымдар мен жеке сектор өкілдері қатысты.

Талқылау барысында өңір елдерінің алдында тұрған негізгі сын-қатерлер қарастырылды. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, білікті кадрларды даярлау, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту және салқындату секторына инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, өңірлік тәжірибе алмасудың маңыздылығы мен табиғи хладагенттерге негізделген технологияларды және энергия тиімді инфрақұрылымды ілгерілетудегі жеке сектордың рөлі ерекше атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар саясат, инвестициялар және әлеуетті арттыру салаларындағы бірлескен бастамаларды дамытуға дайын екендіктерін растады. Сондай-ақ олар Green Cooling Transition Accelerator бағдарламасының іске қосылуын өңірде орнықты салқындатуды қолдаудың маңызды тетігі ретінде құптады.