
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен Partnership for Market Implementation (PMI) жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында жобаның ағымдағы мәртебесі, жұмыстың басым бағыттары, сондай-ақ Қазақстандағы парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасы жүйесін жетілдіру бойынша алдағы қадамдар қаралды.
PMI жобасы көміртекті баға белгілеу құралдарын дамытуға, шығарындылар саудасының ұлттық жүйесінің тиімділігін арттыруға және Қазақстан Республикасының климаттық саясатын қолдауға бағытталған.
Аукциондық квота бөлу тетігін енгізу, бенчмаркинг жүйесін жетілдіру, нарықтық тұрақтылық тетіктерін дамыту, сондай-ақ институционалдық әлеуетті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаны тиімді іске асыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін растады.